ГлавнаяАнонсыАлматы
Ақ жол саған, жас маман! 5 шілде. Алматы
Алматы
04.07.2017
638
0.0

2017 жылдың 5 шілде күні, сағат 18.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университеті Бас ғимаратының алдында «Ақ жол саған, жас маман!» атты Түлектер шеруі өтеді.

Тәуелсіз еліміздің бас шаһары – Елордасы Астана күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты шарада 2016-2017 оқу жылында бакалавриат және магистратура білім бағдарламалары бойынша бітіруші түлектерге салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтеді.

Түлектер слетіне университет бітірушілермен қатар еліміздегі ауыл шаруашылығымен айналысатын компаниялар әкімшілігі мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, шаруашылық жетекшілері, аграрлық саланың белгілі ғалымдары, өзге де білікті мамандар, ҚазҰАУ басшылығы мен оқытушы-профессорлары, БАҚ өкілдері қатысады.

Салтанатты шара аясында арнайы концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Осы орайда аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

ҚазҰАУ Қоғаммен байланыс басқармасы

Мекен-жайы:

Алматы қ-сы, Абай д-лы-8 (Қонаев к-сі қиылысы)

87022202242

e-mail: info@kaznau.kz

Веб-сайт: www.kaznau.kz


Теги:КазАНУ, анонсы, Алматы


Читайте также

Комментарии (0)

avatar