Айтыс молодых поэтов. 14 сентября. Алматы - 13 Сентября 2017 - Анонсы - Будь V теме
Меню
Назад » » » 2017 » Сентябрь » 13

Айтыс молодых поэтов. 14 сентября. Алматы

2017 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының, «Әдебиет әлемі» орталығының ұйымдастыруымен мың жылдықтың асуын асып, мың бірінші жылға қадам басқан Алматы қаласы күніне орай «Алматым – аңсарым» атты ән-жыр кеші өтеді. Мүшайра қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер марапатталады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып, «Қазақстандағы жүз жаңа есім», яғни, озық ақынды анықтау мақсатында «Жастық-жалын жыр» атты жас ақындар антологиясының тұсауы кесіледі. Мүшайраға 70-тен астам ақыннан өлеңдер түсіп, 10 ақын мүшайраның салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға шақырту алды. 36 жас ақынның өлеңдері «Жастық жалын жыр» жас ақындар антологиясына енді. Мүшайра барысында жеңімпаздар Алматы қаласына өлеңдерін арнаса, әншілер кештің сәнін кіргізбек. Республиканың әр қиырынан келген жас ақындар зиялы қауымнан бата алады.

Сондай-ақ кеш қонақтары: Нұрғали Нүсіпжанов, Қабдеш Жұмаділов, Оразақын Асқар, Ұлықбек Есдәулет, Гүлмира Ақүрпекова, Темірхан Тебегенов, тағы-басқа ақын-жазушылармен зиялы қауым өкілдері, антологияға енген алыс аймақтардан келген жас ақындар көрермен қауыммен жүздеседі.

Өтетін уақыты: 17.09.2017 ж. Сағ: 15:00

Өтетін орыны: Қазақстан Жазушылар одағының концерт залы, Абылай хан даңғылы, 105 үй.

Ақпарат: www.gosfond.kz , координатор: Татьяна (8705 985 78 56)

****

14-го сентября состоится презентация Книги "Антология молодых поэтов", а также состязание и выступление молодых поэтов города Алматы, посвященное Дню города Алматы. Место проведения Концертный зал Союза писателей Казахстана. Начало - 15:00

С уважением, медиацентр
Государственного фонда развития молодежной политики г. Алматы
gosfondmedia@mail.ru

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.

avatar