Баспасөз-конференциясы "Мемлекет және ҚР-дағы азаматтық қоғам". 30 маусымда. Астана - 28 Июня 2017 - Анонсы - Будь V теме
Меню
Назад » » » 2017 » Июнь » 28

Баспасөз-конференциясы "Мемлекет және ҚР-дағы азаматтық қоғам". 30 маусымда. Астана

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы өз құрметін білдіре отырып, Сізді «Мемлекет және ҚР-дағы азаматтық қоғам: қазіргі заманның сын-тегеуріндері» тақырыбына арналған Баспасөз-конференциясына қатысуға шақырады.

Спикерлер:

Татьяна ЗИНОВИЧ, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) Атқарушы директоры [Құқық қорғаушылардың қауіпсіздік мониторингінің нәтижелері]

Аман ШОРМАНБАЕВ, «Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ сарапшысы [Қазақстанда азаматтық қоғам үшін кеңістіктің тарылуы]

Наталья ЯНЦЕН, «Салық мәдениетін қалыптастыру» ҚБ Директоры [ҚР Салық кодексі – ҮЕҰ қаржылық әсер ету құралы ретінде]

Диана ОКРЕМОВА, «Құқықтық Медиа-орталық» ҚҚ Жетекшісі [ҚР құқық қорғау қызметінде пікірлерді еркін білдіру]

Іс-шара Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінің қолдауымен «Құқық қорғаушыларды қорғауды көтермелеу мақсатымен азаматтық қоғамның күшін шоғырландыру» жобасының аясында Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен «Эхо» ҚБ бірлесіп ұйымдастырылады.

Баспасөз-конференциясы 2017 жылы 30 маусымда сағат 09.00 бастап 09.45 дейін Астана қ., сол жақ жағалау, Сығанақ к-сі, 27, «SoluxeHotelAstana» Пекин Палас отелінде, «ROYAL» залында өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 08:30 басталады. Іс-шараның ресми тілдері: орыс және қазақ тілдері.

Қатысушылар үшін орынның шектелуіне байланысты, іс-шараны баяндауға қатысуға мүдделілік туралы алдын ала хабарлауды өтініп сұраймыз. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 8 702-321-32-11 телефоны бойынша Ольга Диденкоға хабарласуларыңызды өтінеміз.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.

avatar