ГлавнаяАнонсыРегионы
Домбыра party. 1 желтоқсанында. Шымкент
Регионы
26.11.2018
274
0.0

2018 жылдың 1 желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған «Домбыра party» флэшмобы ұйымдастырылады.

Домбыра Party – қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс. Домбыра патилер, әдетте, аптаның белгіленген бір күнінде бұқара көп шоғырланатын қаланың қоғамдық орындарында open-air, яғни ашық аспан астында ұйымдастырылады. Шарада домбырада күйлер тартылады немесе аспап сүйемелдеуімен әндер шырқалады. Қозғалыстың ерекшеліктерінің бірі - аспаптарда тек өнер шеберлері немесе арнайы оқу бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам ойнай алардай дәрежеге жеткізуге үлес қосу. Қозғалыстың саяси астары жоқ.

Домбыра пати қазақ блогерлері мұрындығымен 2012/2013 жылдары туындаған қозғалыс. Шаралар тізбегі Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қызылжар, Жаңаөзен, Орал сияқты Қазақстанның ірі қалаларында, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағында (2012 жылдың 15 тамызынан бастап), сонымен қатар Ыстамбұл, Лондон, Порту сияқты әлем метрополияларында өткізіліп келеді.

Домбыра Partyдің ресми басталған күні - 2012 жылдың 16 тамызы. Сол күні Астана қаласының бір топ жастары, атап айтқанда "КерекИнфо" сайтының қолданушылары Аршат Оразов, Алдан Жылгелді, Нұрғиса Асылбеков, Маралбек Сағынғанов, Жанасыл Болатбек, Данияр Алан, Алмас Алтай және Нұрберген Мақым атты сегіз жігіттің бастауымен дүниеге келген бірегей жоба.

Шараға тек домбырашылар ғана емес, сонымен қатар өзге ұлттық аспаптарда ойнай алатын өнерпаздар және тыңдармен-көрермендер қатыса алады.

Осыған орай, шараға ақпараттық қолдау өткізуіңізді сұраймыз.

Өтетін уақыты: 1 желтоқсан 2018 ж., 13:00

Өтетін орны: Жаңа Арбат («Қиял әлемі» саябағы маңы)

Байланыс: +7 707 191 3151

***

1 декабря 2018 года ко Дню Первого Президента Республики Казахстан в Шымкенте будет организован флэшмоб «Домбыра party», направленный на пропаганду национальных ценностей, озвученных в статье «Ұлы даланың жеті қыры», опубликованной 21 ноября. 

Домбыра Party – это движение в формате флеш-моба, созданное с целью популяризации казахских национальных инструментов, в том числе домбры, национальной музыки, забытых благородных традиций и пропаганды общеказахского патриотизма.

«Домбыра party», как правило, организуются в общественных местах города с массовым скоплением людей под открытым небом. На мероприятии будут звучать кюи на домбре. Одной из особенностей движения является то, что на инструментах могут играть не только мастера или выпускники музыкальных школ, но и любой челове. Движение не имеет политических целей.

«Домбыра party» - движение, возникшее в 2012/2013 годах. Мероприятие проводится в таких крупных городах Казахстана, как Астана, Алматы, Атырау, Актау, Шымкент, Кызылжар, Жанаозен, Уральск, в Баянаульском районе с большим скоплением казахской диаспоры в Монголии (с 15 августа 2012 года), а также в таких метрополиях мира, как Стамбул и Лондон.

Дата официального старта «Домбыра party» -16 августа 2012 года. В этот день группа молодежи города Астаны - Аршат Оразов, Алдан Жылгельды, Нургиса Асылбеков, Маралбек Сагинганов, Жанасыл Болатбек, Данияр Алан, Алмас Алтай и Нурберген Макым - создали этот уникальный проект.

В мероприятии могут принять участие не только домбристы, но и артисты и слушатели-зрители, которые могут играть и на других национальных инструментах. 

В этой связи, просим Вас провести информационную поддержку мероприятия.

Время проведения: 1 декабря 2018 г.
Место проведения: Шымкент, ул.Бейбитшилик-пр.Республика, Новый Арбат (возле парка " Мир фантазии» )
Контакты: +7 707 191 3151


Теги:шымкент, Домбыра, Казахстан, анонсы, флеш-мобы, день первого президента


Читайте также

Комментарии (0)

avatar