«KazAgro-2017» және «KazFarm-2017». 25-27 қазан. Астана - 20 Октября 2017 - Анонсы - Будь V теме
Меню
Назад » » » 2017 » Октябрь » 20

«KazAgro-2017» және «KazFarm-2017». 25-27 қазан. Астана

Сіздерді 25-27 қазан күндері өтетін «KazAgro-2017» және «KazFarm-2017» сынды Қазақстандағы ең ірі халықаралық көрмелерге шақырамыз. Биыл Қазақстанда сегізінші рет өткелі отырған аталған бұл ауылшаруашылық көрмелеріне жыл сайын 300-ден аса компания қатысады.

«KazAgro/KazFarm» - ауыл шаруашылығына арналған бүкіл Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара. Көрмеде осы жылдың қорытындысы шығарылып, ауыл шаруашылығы және тамақ шаруашылығы саласындағы жетістіктер, мал шаруашылығындағы инновациялар таныстырылатын болады.

Көрмелердің іскерлік бағдарламасы аясында бизнес-миссияларды, конгрестерді, ақпараттық таныстырылымдарды, сондай-ақ, белгілі спикерлердің қатысуымен семинарларды өткізу қарастырылған. Атап айтқанда, Катар Мемлекеті Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Фалех бин Насер Әл-Тани және Катар Мемлекеті Мал шаруашылығы департаментінің директоры Фархуд Хади Әл-Хажири бастап келген Катар делегациясы өз тәжірибесімен бөлісетін болады, сондай-ақ, көрмеге Канаданың Альберт провинциясынан келген, сонымен қатар, Алмания, Иран, Канада (Альберта провинциясы), Латвия, Польша и Ресейден келген делегациялары қатысады.

Жыл сайын іс-шараға түрлі елдердің ұлттық стендтерді қатысып отырады. Биыл қатысушылар тізімі Испанияның және Ресей Федерациясы Тюмень облысы Сауда-өнеркәсіптік палатасының стендтерімен толығады.

«Ауылшаруашылық техникасы, жабдықтары және ілеспелі тауарлар» бөлімінде техникалардың стационарлық және жеке көрсетілімдері, ауылшаруашылық кластерлерінің көрмесі, соның ішінде келесі таныстырылымдар өтеді:

«Valtra» компаниясы Қазақстанда тұңғыш рет «Т» топтамасына жататын тракторлардың жаңа топтамасын таныстырады;

Немістің «Rubber Technical Items» компаниясы “RTI” брендіне жататын арамидтік корды бар өте берік сүйір белдіктердің топтамасын таныстырады;

ALFA MGC дән тазартқыш мобильді кешені дәннің қоқыстылығын 14%-дан 4%-ға дейін төмендететін заманауи кешенді таныстырады.

«Өсімдік шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы» бөлімінде компаниялар өсімдіктерді сұрыптаудың әдістерін, соңғы технологияларын, сондай-ақ, өсімдіктердің көрсетілімдік сұрыптарын ұсынады:

«АгрономПро» компаниясы өсімдіктер оңай сіңіре алатын амоний сульфатының тыңайтқышын таныстырады;

ГЛИЦЕРОЛ топтамасына жататын өнімдер (өсімдіктерді қоректендіретін және өсімін реттейтін композициялары бар инновациялық органикалық-минералды микротыңайтқыштар) таныстырылады.

«Мал шаруашылығы» бөлімінде Қазақстанда өсірілетін асыл тұқымды жануалар көрсетілімі жоспарланған. Көрме қонақтары Ангус, Герефорд, Әулиекөл, Голштинский, Қара ала, Алатау, Симментал, Әулие ата, Қызыл дала, Швицк, Бестужев сынды ірі қара малдың жетілдірілген және сирек асыл тұқымдарын көруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мал шаруашылығына арналған жабдық, жем, қоспа, мал дәрігерлік препараттар мен технологиялар ұсынылады.

Аккредитациядан өту үшін келесі тұлғамен хабарласуыңызды сұраймыз: Айгерім Оразбаева, 8 7172 57 63 38, 8 701 749 57 35, e-mail: a.orazbayeva@pressclub.kz

Күні және уақыты: 25-27 қазан күндері сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейінгі аралықта. 25 қазан сағат 11.00-де көрменің ресми ашылуы өтеді.

Өткізілетін орны: Астанадағы «Көрме» КО. Баспасөз өкілдері сағат 10:30-да «Көрме» КО фойесінде аккредитациядан өте алады.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.

avatar