Пресс-конференция «Билингвалды пән мұғалімдері». 13 желтоқсан. Астана - 8 Декабря 2017 - Анонсы - Будь V теме
Меню
Назад » » » 2017 » Декабрь » 8

Пресс-конференция «Билингвалды пән мұғалімдері». 13 желтоқсан. Астана

Желтоқсан айының 13-і күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамына сай білім саласын кезең-кезеңімен ағылшын тіліне ауыстыруға байланысты қажетті ресурс қорларын даярлап, дамыту (педагог мамандарды оқыту, оқулықтармен қамтамасыз ету) бойынша «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығы мен Астана бизнес және технология мектебі бірлесіп «Билингвалды пән мұғалімдері» курстарының қорытынды пресс-конференциясын өткізеді.

Пресс-конференцияға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов пен ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Каринова Шолпан және директор орынбасары Маусымбаева Айнұр қатысады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы негізінде республика орта мектептерінің жалпы саны үш мыңнан астам «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап «Билингвалды пән мұғалімі» авторлық білім беру бағдарламасы бойынша «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығы ЖШС (республиканың 23 өңіріндегі 1693 мұғалім) және Астана бизнес және технология мектебі ЖШС (еліміздің 30 өңірінде 1376 мұғалім) тарапынан жүргізіліп келді.

Курстардың мақсаты – аталған пән мұғалімдерін ағылшын тіліне, пәндік методиканы және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздеріне үйрету.

Курс нәтижелері бойынша тыңдаушылар CEFR (Common Europen Framework of Reference) шкаласы бойынша тілді меңгеру деңгейі көрсетілетін халықаралық үлгідегі сертификатқа ие болады.

Курстар аяқталғаннан кейін пән мұғалімдері:

- ағылшын тілін меңгеру деңгейін тілдік құзыреттіліктің жалпыеуропалық шкаласына (CEFR) сәйкес B1 деңгейіне дейін арттыратын болады;

- өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде игеретін болады;

- ағылшын тілінен сабақ беру үшін біріктірілген пәндік-тілдік оқыту (CLIL) әдістемесін қолданатын болады.

 

Уақыты: 13 желтоқсан, сағат 11:00

Mекенжайы: Рақымжан Қошқарбаев данғылы 11/2, Астана қ.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.

avatar