ГлавнаяАнонсыАлматы
Real Haq Alany. Азаматтық бастамалар конгресi. Алматы. 23 қараша
Алматы
18.11.2019
358
0.0

«Haq Alany» қоры 2019 жылдың 23 қарашасында Алматыда тұңғыш рет азаматтық бастамалардың «Real Haq Alany» жалпыұлттық Конгресінің өтетінін хабарлайды.

Конгрес өткізудегі мақсат - маңызды азаматтық бастамаларын талқылауға платформа қажет бастамашыл азаматтар мен ұйымдарды біріктіру. Қазақстан экономикасының қиын жағдайда екені де құпия емес. Экологияға да зардап келуде. Бұлардың барлығы түйткілді мәселелер, және еліміздегі милиондаған адамның көкейінде жүрген сұрақтар. Сондықтан 2019 жылы азаматтық бастамалардың бірінші Конгресін өткізу бойынша бастамашыл топ қозғайтын конгрестің басты тақырыбы - Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасы болмақ. Конгресте әр қазақстандыққа қатысты мәселелер талқыланады. Атап айтсақ, балалардың лайықты білім алуы, ірі қалалардғы экологиялық жағдай, медицина кадрларының проблемасы, ауылдықтарға ауыл шаруашылығы бизнесін қалыптастыру және дамытуға көмек көрсету.

Конгреске белсенді азаматтар, Қазақстандағы үкіметтік емес ұйым басшылары, ҚР-дағы дипломатиялық миссия өкілдері шақыртылған. Ұсынылған тақырыптар бойынша сөз алатындар:

  1. Тоғжан Қожалиева - HAQ қорының лидері, Азаматтық бастамалар коалициясының мүшесі
  2. Марғұлан Сейсенбай – қоғам қайраткері, меценат, «Болашақтың мектебі тұжырымдамасы» бастамалар тобының ұйымдастырушысы
  3. Олжас Құдайбергенов - экономист, Стартегиялық бастамалар орталығының әріптесі
  4. Ажар Джандосова – табиғатты қорғау саласындағы қоғам қайраткері
  5. Әсет Наурызбаев – қаржыгер, «KEGOC» АҚ экс-басшысы, табиғаты қорғау саласындағы қоғам қайраткері.

Аталмыш шара аясында келесі тақырыптар бойынша шебер-кластар өтеді:

  1. Қазақстанда краундфандингтік платформа (қаржы жинау, тәуелсіз қаржыландыру) құру және жүргізу бойынша шебер –класс. Шебер-класты жүргізуші Азиза Өтегенова - Start-time.kz. негізін қалаушы. Бүгінгі таңда бұл ҚР-дағы ең табысты краудсорсингтік платформа.
  2. Қазақстанда және шетелде азаматтық бастамаларды жүргізу тәжірибесі. Шебер-класты жүргізуші Ирина Медникова- ҚЖАҚ жетекшісі, шетелдік елшіліктер өкілдері.

Тұңғыш азаматтық бастамалар «Real Haq Alany» Конгресі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, Алматы қ. Әл-Фараби даңғ. 21, «AFD Plaza» ТК, (5-6 блок), «Альфарабиус» коворкинг орталығы мекенжайында өтеді.

Қатысу тегін! БАҚ аккредиттеу үшін: Жанель Заманбекова +77770177071 Кері байланыс: +77014633999 (Динара), +77016103141 (Евгения) info.haqkz@gmail.com

Толығырақ ақпаратты біздің мына сайттарымыздан ала аласыздар және инстаграмдағы парақшамыз:


Теги:гражданские инициативы, Алматы, конгрессы, анонсы


Читайте также

Комментарии (0)

avatar