ГлавнаяАнонсыАлматы
«Шаттық отаны». 20 ноября. Алматы
Алматы
17.11.2017
959
0.0

2017 жылдың 20 қарашасы күні сағат 18:30 да Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер Шамғон Қажығалиевтің 90 жылдығына орай, Сыдық Мұхамеджановтың шығармалары мен әндерінен құралған «Шаттық отаны» атты концерт өтеді.

Концертте композитор Сыдық Мұхамеджановтың шығармалары мен әндері орындалады.

Іс-шара Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Концертке: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Қайыржан Бердібай, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лаураеты – Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары: Айдос Жабағин, Салатанат Аман, Әсел Рақымжан қатысады.

Дирижер Шамғон Қажығалиевтің шәкірті, Ш.Қажығалиев атындағы I-ші дирижерлар конкурсының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Жанас Бекентұров.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

8 (7272) 390-06-47, 87016326064.


Теги:концерты, анонсы, Алматы


Читайте также

Комментарии (0)

avatar