ГлавнаяАнонсыАлматы
Состязание молодых поэтов. 27 сентября. Алматы
Алматы
26.09.2018
226
0.0

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Әдебиет әлемі» орталығы жыл сайын «Алматы» қаласының күніне орай, талантты жас ақындар арасында «Алматым – аңсарым» атты жыр мүшайрасын ұйымдастырып, үздіктер мен жүлдегерлерді марапаттап келеді.

Мүшайраның мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік» деген сөзін бағыт етіп, еліміздің рухани астанасы болған Алматы қаласын жырға арқау ету. Жас ақындарға қолдау білдіріп, «бұлақтардың көзін ашу». Поэзияның төңірегінде жас таланттардың басын қосып, рухани орта қалыптастырып, поэзия арқылы қоғамның ізгіленуіне қызмет ету болып саналады.

Кеш қонақтары:

Еліміздің әр облысынан келген жас ақындар, мүшайра жеңімпаздары,

белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, өнер жұлдыздары.

Ұйымдастырушылар:

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры,

«Әдебиет әлемі» орталығы.

Өтетін уақыты: 27.09.2017 ж. Сағ: 15:00

Өтетін орыны: Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасының концерт залы, Абай даңғылы 14

Ақпарат: www.gosfund.kz , координатор: Алима +7(701)741-09-01


Теги:Баттл, анонсы, поэзия, Алматы


Читайте также

Комментарии (0)

avatar