Түркітілдес журналистер қорының. 7-12 тамыз. Стамбұл-Солтүстік Кипр - 23 Июня 2017 - Анонсы - Будь V теме
Меню
Назад » » » 2017 » Июнь » 23

Түркітілдес журналистер қорының. 7-12 тамыз. Стамбұл-Солтүстік Кипр

Әріптестер, "Түркітілдес журналистер қорының" Стамбұл-Солтүстік Кипр (Ағылшын тілі курсы) жобасына 30-ға жуық адам іріктелді. Орын жоқ. Санаулы күндерден соң жолға шығамыз, бұйыртса. Алла сәтін салғай. Қордың екінші жобасы: Алматы-Стамбұл-Ескішаһар-Стамбұл-Алматы бағыты (7-12.08.2017).

Алты күндік сапардың 4 күні Стамбұлда өтеді, 2 күні - Ескішаһарда. Екі күн бойы Ескішаһар әкімінің қазақ журналистер үшін дайындаған бағдарламасына қатысып, әкіммен дастарқандас боламыз. Талайды тамсандырған сұлу Стамбұлда тарихи жерлерге пресс-тур, телеарналар мен газет редакцияларында шеберлік сабақтары және 2 күн семинар-тренинг болады. Проморолик, видео-анонс, SMM, PR, networking, brand building, жарнама тарту жолдары, жаңа медианы тиімді қолдану, сайттардағы рейтинг т.б. журналистикаға қатысты мәселелер қамтылатын семинарда қонақүй, жарнама агенттіктерінің басшылары мен білікті мамандары, университет мұғалімдері, телеарналардың танымал журналистері тәжірибелерімен бөліседі. Бұл жобаға команда жасақталып, дайындық жұмыстары басталды, уотсапта топ ашылды. Сммші, пиаршы, журналистер үшін бос 2 орын қалды. Дәл осындай семинар Аланья қаласында ұйымдастырылады (24-28.08.2017.). Аланья қаласының әкімі қазақ журналистер үшін арнайы бағдарлама дайындап, қонақасы береді. 5 күн бойы тек оқумен шектелмей, тарихи жерлерді аралаймыз. Теңізге түсіп, демаламыз. Арасында Анталияға ат басын бұрамыз.

ЖОБАЛАР АҚЫЛЫ. Қалтаға салмақ түспес үшін шығындарды барынша азайттық. Жобаға журналистермен бірге сммшілер, пиаршылар мен баспасөз хатшылары қатыса алады. Тізім жасау басталды.

Қосымша ақпарат үшін +7 778 878 34 08 нөміріне хабарласуға болады. Достар, жазбамен бөлісуді өтінемін.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.

avatar