ГлавнаяАнонсыАлматы
В Алматы презентуют архивные документы строительства объектов культуры. 8 февраля
Алматы
06.02.2019
124
0.0

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтылған міндеттерді, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген «Архив – 2025» бағдарламасының алғышарттарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы 8 ақпанда сағат 10.00-де Архив қалашығында (Абай даңғылы, №39, 4-ші қабат) конференц-залында «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің» (бұдан әрі – ОМҒТҚА) 45 жылдығына арналған дөңгелек үстел және «Из истории проектирования объектов культуры г. Алматы. (1930–1980-е гг.)» атты құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері өткізіледі. (Жауапты редактор – Б.А. Жұматаева. Құрастырушылар: Е.М. Грибанова, В.Е. Печерских (жауапты), Г.С. Сәрсенова).

Жинаққа республикамыздың ірі мегаполисінің сәулет-жоспарлау шешімдерін айқындайтын, жоспарлау ісі мен құрылыста орын алған ғылыми-техникалық революцияның өрлеу кезеңін көрсететін архив құжаттары енгізілген.

Атап айтқанда: Мемлекеттік музей, Мемлекеттік цирк, Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры, М.О. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драмалық театры, М.Ю. Лермонтов атындағы Орыс драмалық театры, Алматылық мақта-маталық комбинаттың мәдениет сарайы, Аймақтық офицерлер үйі, Шетел мемлекеттерімен достық және мәдени байланыс үйі, Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер галереясы, Алматылық хареографиялық училищесі, «Арман», «Казахстан», «Октябрь» кинотеатрлары және басқа да бірқатар нысандар.

Жинаққа барлығы 144 құжат енгізілді, оның 29-ы графикалық. Жинаққа енген барлық құжаттар алғаш рет жарияланып отыр.

Іс-шара аясында ОМҒТҚА құрылуы мен даму тарихын және 45 жылдық қызметінің нәтижелерін бейнелейтін құжаттық көрме ұйымдастырылады.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, республикалық мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары, тарихшы ғалымдар, ОМҒТҚА ардагерлері, архив ұйымдарының өкілдері мен қор құрушылары қатысады.

Аккредиттеу: +7 727 267 14 67 Әйгерім Смағұлова

erkenova.aygerim@mail.ru

***

В целях реализации задач, определенных в программе Президента Н.А.Назарбаева «Семь грани великой степи» - «Архив – 2025» и послания 8 февраля 2019 г. в 10.00 в конференц-зале Архивного городка (пр-т Абая, №39, 4-й этаж) состоится заседание Круглого стола, посвященного 45-летию Центрального государственного архива научно-технической документации, и презентация сборника документов и материалов «Из истории проектирования объектов культуры г. Алматы. (1930–1980-е гг.)». (Отв. ред. Б.А. Жуматаева. Сост. коллектив: Е.М. Грибанова, В.Е. Печерских (отв.), Г.С. Сарсенова).

В сборнике представлены архивные документы, освещающие своеобразие архитектурно-планировочного решения крупнейшего мегаполиса в республике за годы начала и расцвета научно-технической революции в проектном деле и строительстве.

Это, в частности, Государственный музей, Государственный цирк, Казахский академический театр оперы и балета им. Абая, Казахский академический театр драмы им. М.О. Ауэзова, Русский драматический театр им. М.Ю. Лермонтова, Дворец культуры Алма-Атинского хлопчатобумажного комбината, Окружной дом офицеров, Дом дружбы и культурной связи с зарубежными странами, Казахская государственная художественная галерея им. Т.Г. Шевченко, Алма-Атинское хореографическое училище, кинотеатры «Арман», «Казахстан», «Октябрь» и ряд других объектов.

Сборник содержит 144 документа, из которых 29 графических. Практически все документы публикуются впервые.

В рамках мероприятий будет экспонироваться выставка документов, отражающих историю становления и развития ЦГА НТД и основные результаты его деятельности за 45 лет.

В мероприятиях примут участие представители Министерства культуры и спорта РК, руководители республиканских государственных архивных учреждений, ученные-историки, ветераны ЦГА НТД, представители организаций-фондообразователей архива.

Аккредитация: +7 727 267 14 67 Әйгерім Смағұлова

erkenova.aygerim@mail.ru


Теги:анонсы, Архивы, Алматы, круглый стол, презентация


Читайте также

Комментарии (0)

avatar