ГлавнаяАнонсыРегионы
VII Орталық Азия елдерінің халықаралық фестивалі. 30 қазан - 6 қараша. Талдыкорган
Регионы
24.10.2018
151
0.0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Театрлары ассоциациясы 2018 жылдың 30 қазан – 6 қараша айлары аралығында Талдықорған қаласында Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық фестивалін өткізеді.

Фестивальге бақ сынауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Түркия елдерінің театрлары қатысады.

Фестиваль Орталық Азия елдері мен Қазақстанның театр өнері саласындағы әріптестікті нығайту, театр өнерін дамыту және осы сала мамандарын шығармашылық бастамаларға ынталандыру, сондай-ақ, жұртшылықтың назарын театр үрдісінің жаңа, заманауи үлгілеріне аудару мақсатында өткізіледі.

Жоғарыда аталған 7 мемлекеттің бас театрлары қатысатын фестиваль аясында жалпы көлемде 12 қойылым көрермен назарына ұсынылатын болады. Айта кетейік, аталмыш фестиваль Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жаңа және ескі ғимаратында өтеді. Қойылымдарды Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады.

Ашылу салтанатының уақыты: 30-қазан күні сағат 10.00-де.

Кері байланыс:

8 (727)394 -65-45

Хангелді Сағатбекұлы +7 708 006 00 60

Әділғазы Болатұлы +7 707 955 76 26

Гүлім Рысқұл +7 707 910 16 46

Email: smi.auezov@mail.ru


Теги:фестивали, регионы, анонсы, театр, Талдыкорган


Читайте также

Комментарии (0)

avatar