ГлавнаяАнонсыМедиа
Внимание: конкурс! Агропост и агрофото. Прием заявок до 12 декабря
Медиа
19.11.2019
328
0.0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде «Агропост және агрофото» байқауы өтетіні туралы хабарлайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың 19 қарашасы мен 12 желтоқсан күндері аралығында әлеуметтік желілердегі ауыл шаруашылығы тақырыбында жазылған үздік пост пен ауыл шаруашылығы тақырыбында түсірілген үздік фото байқауын жариялайды.

Байқаудың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы қоғаммен байланысты нығайту, азаматтарға шығармашылық тұрғыда және кәсіби «өсуге» жағдай туғызу, ауыл шаруашылығы тақырыбында әлеуметтік желі белсенділерін анықтау, олармен байланыс орнату, министрліктің баспасөз қызметінің әлеуметтік желідегі жұмысын жандандыру.

Байқау бір кезеңнен тұрады және Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде өткізіледі.

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Байқауға қатысушыларға келесідей талаптар қойылады:

1.1 Байқауға әлеуметтік желілерге қосылуға мүмкіндігі бар кез-келген азамат қатыса алады.

1.2 Бағымды сынаймын деушілерге өздерінің ауыл шаруашылығы тақырыбында жазған посттарын(қазақ және орыс тілдерінде, өз таңдауы бойынша) #Agropostkz және ауыл шаруашылығы тақырыбында түсірілген фотоларын #Agrophotokz хэштектері арқылы Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде жариялау қажет. (Байқау аясында 2019 жыл көлемінде жазылған посттар мен фотоларды жариялауға болады).

2. #Agropostkz хештегімен жарияланған посттар келесідей тақырыптарды қамту қажет:

- «Менің ауылым»

- «Ауылымды сағындым»

- «Бірлігі бекем ауыл»

- «Ауыл шаруашылығы саласы маманының 1 күні»

- «Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер (жаңа технологиялар, өнімділікті арттыру, рекордтық өнім алу және т.б.)»

- «Ауылымның өнімдері» (әр облыстың, ауданның, ауылдың «брендіне» айналған ауыл шаруашылық өнімдері)

Жұмыстарды қабылдау 2019 жылғы 12 желтоқсан күні аяқталады.

БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ

Постты бағалау кезінде мәтіннің мазмұнына, тақырыптың өзектілігіне мән берілетін болады. Постты жарияланымның тақырыбына сәйкес келетін фотосуретпен, бейнесюжетпен сүйемелдеуге болады.

#Agrophotokz хештегімен жарияланған фотоны бағалау кезінде фото суреттердің тақырыпқа сай болуы, сапасы және креативтілік қаралады.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

Жеңімпаздарды құрамында журналистерден, блогерлерден, кәсіпқой фотографтар және Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлерінен құралған арнайы комиссиялық топ таңдайды.

Үздіктерді анықтау барысында комиссия аталмыш жарияланымның әлеуметтік желідегі жинаған лүпілдер (лайктар), пікірлер (комментарийлер) санын да ескереді.

Байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік деген 10 пост және 10 фото таңдалып Ауыл шаруашылығы министрлігінің алғыс хатымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

Сондай-ақ жеңімпаздардың үздік жарияланымдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жарияланатын болады.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз:

8 7172 555765

minagripress@gmail.com

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Пресс-служба Министерства сельского хозяйства РК объявляет о проведении конкурса в соцсетях

С 19 ноября по 12 декабря 2019 года состоится конкурс лучших фотоснимков и публикаций в соцсетях по сельскохозяйственной тематике «Агропост и агрофото».

Конкурс проводится пресс-службой МСХ РК в целях укрепления связей с общественностью, создания условий для раскрытия творческого потенциала казахстанцев, заинтересованных в теме сельского хозяйства, а также развития работы пресс-службы министерства в социальных сетях.

ПОЛОЖЕНИЕ О КОНКУРСЕ

К участникам конкурса предъявляются следующие требования:

В конкурсе могут принять участие все пользователи социальных сетей.

Для участия в конкурсе необходимо опубликовать фотоснимки, сделанные в течение 2019 года, и посты на сельскохозяйственную тематику на казахском или русском языках в социальных сетях Instagram и Facebook с обязательным использованием хештегов #Agropostkz и #Agrophotokz

Посты должны охватывать следующие темы:

- «Моя деревня»

- «Село – золотая колыбель»

- «Один день из жизни сельского специалиста»

- «Достижения в области сельского хозяйства (новые технологии, повышение производительности, рекордное получение продукции и т. д.)

- Продукция моего села (продукция сельского хозяйства, ставшая "брендом" каждой области, района, села)

Дата завершения приема работ – 12 декабря 2019 года, включительно.

ОЦЕНКА КОНКУРСНЫХ РАБОТ

При оценке поста будет уделено внимание содержанию текста, его соответствию тематике. Пост можно сопровождать фотографией, видеосюжетом, соответствующим тематике публикации.

При оценке фото, опубликованного с хештегом #Agrophotokz, рассматривается соответствие фотоснимков тематике, качество и креативность.

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ПОБЕДИТЕЛЕЙ

Победителей выбирает специальная комиссионная группа, состоящая из журналистов, блогеров, профессиональных фотографов и сотрудников Министерства сельского хозяйства РК.

При определении лучших работ конкурсная комиссия учитывает и количество набранных в социальной сети лайков и комментариев.

После завершения приема работ конкурсной комиссией будут отобраны 10 лучших постов и 10 лучших фото, авторы которых будут награждены грамотами и специальными призами, подготовленными Министерством сельского хозяйства РК.

Также работы победителей будут опубликованы на официальных страницах МСХ РК в социальных сетях.

По дополнительным вопросам просим обращаться по следующим контактам:

8 7172 555765

minagripress@gmail.com

Пресс-служба Министерства сельского хозяйства РК




Комментарии (0)

avatar