Запуск автоцона на рынке /Барыс/ 4 августа. Алматы
03.08.2018
285
0.0

2018 жылғы 04 тамыз Алматы қ. Алматыдағы «Барыс» автокөлік базарында көшпелі «автоцон» жұмыс істейді

2018 жылғы 04-05 тамыз, яғни демалыс күндері Алматыдағы «Барыс» автокөлік базарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары қызмет көрсететін болады.

Мақсаты - азаматтарды «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше қызмет алуға үйрету

Мұнда автокөлік иелері ЭЦҚ жазып алу, мобильді үкіметке тіркелу, айыппұл, салық берешектерін тексеру және төлемдер жасау, «Жүргізуші куәлігін онлайн алу», «Көлік құралын онлайн тіркеу» мемлекеттік қызметтерін алу процестерін үйренеді және осы қызмет түрлерін ала алады.

Барлық автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылады.

Шара барысында БАҚ өкілдеріне корпорация мамандары автокөлік иелеріне тиімді болу үшін енгізілген жаңашылдықтар жайлы айтып, онлайн қызметтерді алу жолдарын кезең-кезеңімен түсіндіріп, цифрлық қызметтердің артықшылықтарын көрсетеді.

БАҚ өкілдерін осы шара жайлы жария етуге шақырамыз.

Өтетін орны: Алматы қаласы Қаскелең жолындағы «Барыс» көлік базары.

Өтетін уақыты: Журналистердің жиналу уақыты 2018 жылғы 04 тамыз, сағат 14-00.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы қаласы бойынша филиалының PR-менеджері

Жаңыл Әпетова, тел. 8 7073240176


Теги:Авторынок, ЦОН, Алматы, анонсы


Читайте также

Комментарии (0)

avatar