ГлавнаяАнонсыРегионы
Үздік жастар премиясы. 29 желтоқсан. Шымкент
Регионы
28.12.2018
422
0.0

2018 жылдың 29 желтоқсан күні «LEOCLUB», үшінші мегаполистің ең үздік, белсенді жастарын анықтау салтанаты рәсімі өтеді. Ұйымдастырушы - Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы». Шараның негізгі мақсаты - Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау;

- Қала көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, үлес қосып жүрген жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау;

- Байқаудың ықпалымен жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметіне, шығармашылық ізденістеріне, қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсете отырып, қызығушылығын арттыру;

- Еліміздегі түрлі салалардың дамуына еңбек сіңіріп жүрген жастардың үздіктерін анықтап, дарындылығымен, қабілеттерімен көзге түсіп жүрген жастардың үздік болуға ынталандыру;

- Жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріне бейімделгіштігі мен белсенділін арттыру.

Марапаттау кешіне: Шымкент қаласының әкімі - Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ірі және орта бизнес өкілдері және үздік жастар премиясының жеңімпаздары қатысады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылғандықтан, «Үздік жастар премиясы» 27 номинация бойынша үздіктерді марапаттайды. Олар:

  1. «Үздік мұғалім»
  2. «Үздік ЖОО студенті»
  3. «Үздік ОАОО студенті»
  4. «Үздік мектеп оқушысы»
  5. «Үздік жастар комитеті»
  6. «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымы»
  7. «Үздік жазба ақын»
  8. «Үздік айтыскер ақын»
  9. «Үздік жазушы»
  10. «Үздік суретші»
  11. «Үздік спортшы»
  12. «Үздік пікір-сайысшы»
  13. «Үздік жайдарманшы»
  14. «Үздік дизайнер»
  15. «Үздік шығармашылық ұжым»
  16. «Үздік журналист»
  17. «Үздік дәрігер»
  18. «Үздік құқық қорғаушы»
  19. «Үздік өрт сөндірушу»
  20. «Үздік мемлекеттік қызметкер»
  21. «Үздік әскер қызметкері»
  22. «Үздік волонтер»
  23. «Үздік жастар жобасы»
  24. «Үздік кәсіпкер»
  25.  «Бейбіт өмір батыры»
  26. «Үздік жас өндіріс маманы»
  27. «Үздік қоғамдық ұйым»

Өтетін күні: 29 желтоқсан 2018 ж.

Өтетін уақыты: 14:00

Өтетін орны: «LEOCLUB» Д.Қонаев даңғылы, 35

Байланыс телефоны: +7 775 306 78 50 (Жани)

+7 707 191 31 51 (Дина)

Осыған орай, іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

 


Теги:шымкент, регионы, анонсы


Читайте также

Комментарии (0)

avatar