Жайылымдар туралы. 19 қазан. Алматы - 18 Октября 2017 - Анонсы - Будь V теме
Меню
Назад » » » 2017 » Октябрь » 18

Жайылымдар туралы. 19 қазан. Алматы

2017 жылдың 19 қазан күні сағат 12.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университетінінде Парламент Мәжілісі депутаттарының, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі өкілдерінің, агроөндірістік кешеннің білікті мамандарының, ғылыми-зерттеу институттары басшыларының, шаруашылық жетекшілерінің, ҚазҰАУ профессор-оқытушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» заң жобасын іске асыру бағыттарына арналған талқылау жиыны өтеді.

Заң жобасында негізінен төрт басты бағыттар айқындалып, заңнамалық сипатта жеке баптармен бекітілген. Олар: жайылымдарды реттеу, ұйымдастыру, жоспарлау және басқару жүйелерінен тұрады. Осы бағыттарды жүзеге асыратын үкіметтің, уәкілетті органның, облыс, аудан және ауылдық округ әкімшілерінің, мәслихаттардың, жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің құзыреттері белгіленіп, жеке нормалары енгізілген. Өңірлердің мал ұстаудағы ерекшеліктері ескеріліп, нормативтер жасау мен бекіту жұмыстарын уәкілетті органның құзыретіне беру қарастырылған.

Мекен-жайы:

Алматы қ-сы, Абай д-лы 8, тел.: +7(727)264 24 09,

Бас ғимарат, №84 Коференц-зал

e-mail: info@kaznau.kz

 

 

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.

avatar