Застройщиков Кок-Жайляу обвинили в некомпетентности
Социум
01.11.2018
354
0.0

Көк Жайлау шатқалында сәнді шипажайды салу жобасына қатысты өтетін қоғамдық тыңдау қарсаңында экологтар, заңгерлер, экономистер, журналистер құрылысқа қарсы ұстанымдарын жариялады. Олардың ойынша, қоғамдық тыңдаудың өзі заңсыз.

Накануне общественных слушаний по проекту строительства в урочище Кок-Жайляу модного курорта экологи, юристы, экономисты, журналисты обнародовали свою позицию против строительства. По их мнению, и сами общественные слушания - нелегитимны. Об этом сообщает Казахстанский пресс-клуб.

Қоғамдық қорғаушылардың жұртшылық алдында шығып отырғандығының себебі – билік қоғамдық тыңдауларда оларға өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік бермейтіндігінде. Қоғамдық тыңдаудың регламенті бойынша жоба дайындаушыларына ғана сөз беріледі, ал жұртшылық өз пікірін тек пікірталас түрінде ғана жобаға сараптамалық бағалауды 3 минуттан аспайтын уақыт ішінде білдіруге құқығы бар.

Причина, по которой общественные защитники вышли на публику – понимание, что власть не даст им возможности подробно высказаться на самих общественных слушаниях (ОС). Регламент ОС предполагает выступления разработчиков проекта, в то время как общественности предоставлено право высказывать свою точку зрения исключительно в порядке прений, на экспертную оценку проекта - не более 3 минут.

Сонымен қатар, қоғамдық тыңдауұйымдастырушылары жобаның экономикалық, әлеуметтік және заңгерлік тұстарына қатысты пікір білдіруге мүмкіндік бермейтіндігі жайлы жария түрде хабарлады. Сонымен бірге, қоғамдық қорғаушыларда Көк Жайлау шатқалында құрылыс жобасын дереу және біржолата тоқтату қажеттілігін айғақтайтын көптеген материал жиналып отыр.

Кроме того, организаторы общественных слушаний публично объявили о том, что не будут давать возможность высказать мнения по экономической, социальной и юридической составляющей проекта. Между тем, у общественных защитников накопилось большое количество материалов, свидетельствующих о необходимости прекратить проект застройки урочища Кок-Жайляу немедленно и навсегда.

Вадим БОРЕЙКО, журналист:

«Қоғамдық тыңдау техникалық-экономикалық негіздеменің кішігірім бір бөлігін, яғни қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалауды ғана қамтиды. Ал қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау - техникалық-экономикалық негіздеменің тек бір томы ғана, ал ондай томдардың саны төртеу. Бірінші томның ішінде 6 кітап бар. Біріншісі – Маркетинг, аумақты талдау. Екіншісі – Аумақты кешенді бағалау, инженерлік ізденістер. Үшінші кітап – тұжырымдама, яғни аумақты дамыту нұсқалары. Төртіншісі – ғимарат пен құрылыстың негізгі жоспары, бас жопары. Бесіншісі – кірме автожол және сыртқы су тарту желісі. Алтыншысы – әлеуметтік, институциялық, қаржылай-экономикалық тараулар, тәуекелдерді талдау. Екінші том – графикалық материалдар. Үшінші том - қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау. Төртіншісі – сметалық құжатнама. Осы аталғандардың барлығы экологияға қатысы бар маңызды ақпарат емес немене? Жоба жайлы бізге толық мәліметтерді ұсынудан бас тартып жатса, бұл нені білдіреді? Не бұлар бір жайтты жасырып отыр, не құжат экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негізсіз, немесе бұл қоғамдық пікірге немқұрайлы қараудың нақ өзі».

Вадим БОРЕЙКО, журналист:

«Слушания пройдут по небольшой части ТЭО – ПредОВОС (предварительная оценка воздействия на окружающую среду. Между тем, ПредОВОС – это лишь один том ТЭО, а всего их четыре. В первом томе – 6 книг. 1-я – Маркетинг. Анализ территории. 2-я – комплексная оценка территории, инженерные изыскания. 3-я книга – концепция, то есть варианты развития территории. 4-я - мастер-план, генплан, здания и сооружения. 5-я– подъездная автодорога и внешние сети водоотведения. Шестая – социальный, институциональный, финансово-экономический разделы, анализ рисков.

Второй том – графические материалы. Третий – ПредОВОС. И, наконец, четвертый, - сметная документация. Разве всё перечисленное не важно и не относится к экологической информации? Если нам отказывают в предоставлении полных сведений о проекте, что это может означать? Либо есть что скрывать, либо документ экономически и социально несостоятелен, либо это пренебрежение общественным мнением».

Толық техникалық-экономикалық негіздемені қарап шыққан сарапшылардың мәліметінше, жиынтық сметалық есеп ағымдағы бағам бойынша 89,5 млрд теңге немесе 230 миллион долларды құрайды. Дәл осы техникалық-экономикалық негіздемеде шипажайда 268 жұмыс орны құрылады деп көрсетілген. Сонда 1 жұмыс орнын құру 858 мың доллар тұрады. Мұндай жобаның өтемпаздығы жайлы сарапшылар мынандай ой білдіріп отыр:

По данным экспертов, получивших доступ к полному ТЭО, сводный сметный расчет составляет 89,5 млрд тенге или 230 миллионов долларов по текущему курсу. В этом же ТЭО указано, что на курорте будет создано 268 рабочих мест. Получается, что создание 1 рабочего места на курорте стоит 858 тысяч долларов. Вот что говорят эксперты об окупаемости такого проекта:

Дмитрий ЖУКОВ, қаржыгер:

«Бұл жоба ешқашан өтелмейтіні анық. Өйткені билеттің орташа бағасы 5 мың теңге болған күннің өзінде (әкімдіктің уәде еткен әлеуметтік жеңілдіктерін қоспағанда) 89,5 млрд. теңгені өтеу үшін 18 млн. билет сатып, ешқандай операциялық шығындарға түспеу қажет болады. Ал шығындардың болмауы мүмкін емес: бұл шығындар шипажайдың толуына байланысты билет бағасының 30%-дан бастап 100%-ға дейінгі бөлігін құрамақ. Бұл үшін 1 мың адам әбден зиян көрген, лас платоға 49 жыл бойы күнде көтерілуі тиіс болады.

Дмитрий ЖУКОВ, финансист:

«Очевидно, конечно, что он (проект) не окупится никогда. Так как для покрытия 89,5 млрд тенге при средней цене билета 5 тыс. тенге (то есть без обещанных акиматом социальных скидок), надо будет продать 18 млн билетов и не понести никаких операционных затрат. Последнее, разумеется, невозможно: эти затраты будут составлять от 30% до 100% цены билета и выше, в зависимости от наполняемости курорта. Для этого надо, чтобы 1 тысяча человек поднималась потосковать на изувеченное и грязное плато каждый день на протяжении 49 лет».

Нұрсұлтан Белқожаев, MSc in Innovation and Product Management:

«Сатылатын тұрғын үй шаршы метрінің келешекте белгіленуі мүмкін құны туралы ақпарат ТЭН-нің барлық басты тарауларында көрсетілген, бұл жобаның табысты шығуы үшін осы өлшемнің аса маңыздығы екендігін байқатады.

ТЭН-де көрсетілген ақпаратқа сенсек, 8-10 мың адамға шақталған аса шектеулі нарықта қызмет ететін жаңа шипажай көп ұзамай операциялық шығындарды өтеу үшін шаңғышылар санының жетіспейтіндігіне тап болады. Мұндай жағдайда әртүрлі нысандағы жылжымайтын мүлік табыс табудың және құйылған ақшаны қайтарудың басты көзіне айналады Көк Жайлауда ешқашан тұрғын үй болмайды деген әңгіме өтірік болып шығады: тұрғын үйді салып, оны сатуға тура келеді, өйткені шаңғышыларға қарап отыру мүмкін емес болып шығады».

Нурсултан Белходжаев, MSc in Innovation and Product Management:

«Информация о возможной стоимости квадратного метра продаваемого жилья фигурирует по всех ключевых разделах ТЭО, что не может не указывать на важность данного параметра для успеха проекта.

Если верить изложенной в ТЭО информации, с весьма ограниченным рынком в 8-10 тыс.человек, новый курорт вскоре столкнется с недостаточным количеством лыжников, необходимым для покрытия операционных расходов. В таком случае недвижимость в разных формах станет основным источником получения доходов и возврата вложенных денег. Тезисы о том, что на Кок-Жайляу никогда не появится жильё окажутся неправдой: строить и продавать жилье придётся, ведь на лыжников рассчитывать не приходится».

Демек, Көк Жайлауда сатылымға ешқандай жылжымайтын мүлік нысанын салмаймыз деп уәде беріп отырған билікке сенуге болмайды, деп қорытындылайды «Тауасар» ҚҚ басшысы Ажар Жандосова.

Это означает, что нельзя верить властям, которые обещают не строить на Кок-Жайляу объекты недвижимости для продажи, заключила Ажар Джандосова, глава ОФ «Тауасар».

Ал экологтардың пікірінше, шипажай мен жол құрылысының ТЭН-і ең кем дегенде Қазақстаның экологиялық заннамаларына және халықаралық конвенциялар нормасына сәйкес келмейді.

По мнению же экологов, ТЭО строительства курорта и дороги, как минимум, не соответствуют нормам экологического законодательства Казахстана и международных конвенций.

Сергей КУРАТОВ, «Зеленое спасение» ЭҚ басшысы:

«ТЭН-де Орхусс конвенциясының, Дүниежүзілік мұра туралы конвенцияның, Биологиялық саналуандылық туралы конвенцияның талаптары ескерілмеген. Қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау жоспарланып отырған қызметтің ең ерте кезеңіненде жасалуы тиіс. Орхусс конвенциясына сәйкес әрбір тарап әртүрлі жолдарды қарастырып, жұртшылықтың жан-жақты ат салысуы үшін бүкіл мүмкіндік бар болған ең ерте кезеңде жұртшылықты қатыстыру қажет.

ТЭН-нің өзінде күрделі нақты дәлсіздіктер бар. Мәселен, шатқал жерінің мәртебесіне қатысты айтар болсақ, бұл кейде саябақ аумағы, кейде Іле-Алатау ұлттық саябағында қорғалған аумақ болып шыға келеді. ТЭН-ді дайындаушылар заңнаманы өз бетінше түсіндіруге жол беріп, ұлттық саябақ аумағында әрекет етпейтін, жоқ құқықтық актілерге сілтейді. Олар жер заңнамасын және ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңды өз бетінше түсіндіреді. Қазір Іле-Алатау ұлттық саябағының экологиялық жүйелеріне зор зардабын тигізіп отырған әкімдіктің заңсыз әрекеттері жалғасып жатқандығы да ескерілмеген. Әкімдіктің осылай заңды бұзып отырғаны атқарушы органға деген сенімді жойып, шатқалдың болашақ тағдырына алаңдаушылықты тудырады».

Сергей КУРАТОВ, руководитель ЭО «Зеленое спасение»:

ТЭО не учтены требования Орхусской конвенции, Конвенции о всемирном наследии, Конвенции о биологическом разнообразии. Предварительная оценка воздействия на окружающую среду (ПредОВОС) должна делаться на самом раннем этапе планируемой деятельности. Согласно Орхусской конвенции, каждая сторона обеспечивает участие общественности уже на самом раннем этапе, когда открыты все возможности для рассмотрения различных вариантов и когда может быть обеспечено эффективное участие общественности».

В самом ТЭО имеются серьезные фактические неточности. Например, относительно статуса земель урочища: то это территория парка, то охранная зона Иле-Алатауского национального парка. Разработчики ТЭО допускают произвольные трактовки законодательства, ссылаются на недействующие на территории национального парка и на несуществующие правовые акты. Они произвольно трактуют земельное законодательство и закон об особо охраняемых природных территориях.

Не приняты во внимание продолжающиеся незаконные действия акимата на территории Иле-Алатауского национального парка, которые уже нанесли серьезный ущерб его экологическим системам. Нарушения акиматом законов подрывает доверие к исполнительному органу и вызывает сомнения относительно будущей судьбы урочища».

Сондай-ақ, сарапшы заңгерлер жоба дайындаушылары ұсынған құжаттарда өрескел заң бұзушылықтарды тауып отыр. Олардың пікірінше, «Көк Жайлау» таулы шипажайының құрылыс ТЭН-і және қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау оларға сәйкес шешім қабылдауға арналған тиісті құжат емес және сол себепті қоғамдық тыңдаулар заңсыз болып табылады.

Эксперты-юристы также нашли серьезные нарушения в представленных разработчиками документах. По их мнению, рассмотренные материалы ПредОВОС и ТЭО строительства горного курорта «Кокжайляу» являются ненадлежащими документами для процедур принятия по ним решений и общественные слушания в таком случае, незаконны.

Вадим НИ, Қазақстан Қоғамдық ұйымдар экофорумының төрағасы:

«Қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау материалдары ТЭН мемлекеттік сатып алу туралы шартына, оларды сатып алу байқауының ережелеріне қарама-қайшы түрде дайындалып, түбегейлі түрде басқа нысанға, яғни тау-шаңғы шипажайының орнына, таулы шипажайға арнап дайындалған. Тау-шаңғы шипажайы және таулы шипажай бірдей нысан болып табылмайды, әсіресе, нысанды жобалау, оның қоршаған ортаға әсерін бағалау кезеңінде мүлдем бөлек болып табылады. Тау-шаңғы инфрақұрылымы бар тау-шаңғы шипажайы таулы мекенде орналасқан шипажайға қарағанда, қоршаған ортаға әсері басқаша әрі техникалық жағынан күрделі нысан екендігі анық.

ТЭН мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 2.1 тармағына өзгерістер енгізіліп, бюджеттік инвестицияларды негіздеу нысанында тау-шаңғы шипажайынан таулы шиажайға өзгертілген болса, онда бұл түзетулер «Мемлекеттік салып алу туралы» заңның 45-бабы 1 тармағының талаптарын бұза отырып енгізілген.

Сатып алу рәсімдері мен шарттарын анықтан-анық бұзу, бюджеттік инвестицияларды негіздеу нысанына қатысты жобалаушыларға арнап қойылатын техникалық тапсырманы дұрыс белгілеме, мұның бәрі дайындалған ТЭН мен Қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау заңдылығына қатысты мәселе шешілмейінше, ары қарайғы шешім қабылдау рәсімдерін өткізудің жөні жоқ дегенге қорытындыға әкеледі».

Вадим НИ, председатель Экофорума общественных организаций Казахстана:

«Рассмотренные материалы ПредОВОС подготовлены в явном противоречии с договором о госзакупках ТЭО, условиями конкурса на их закупку и разработаны на принципиально иной объект – горный курорт, а не горнолыжный курорт.

Горнолыжный курорт и горный курорт не являются идентичными объектами, в особенности на этапе их проектирования, оценки воздействия на окружающую среду и строительства. Очевидно, что горнолыжный курорт с горнолыжной инфраструктурой является технически более сложным объектом с иными факторами воздействия на окружающую среду, нежели горный курорт, который по сути означает курорт, расположенный в горной местности.

В случае если в пункт 2.1 договор о госзакупках ТЭО вносились изменения и объект обоснования бюджетных инвестиций поменялся с горнолыжного курорта на горный курорт, то поправки внесены с нарушением требований пункта 1 статьи 45 Закона «О государственных закупках».

Явное нарушение процедур и условий закупа, определения технического задания для проектировщиков в отношении объекта обоснования бюджетных инвестиций ставит под большое сомнение целесообразность проведения дальнейших процедур принятия решения до разрешения вопроса о легитимности разработанных ПредОВОС и ТЭО».

Жоспарланып отырған құрылысқа қатысты халықаралық сарапшылар да үлкен алаңдаушылықтарын білдіріп отыр. Ломоносов атындағы МҰУ география факультетінің доценті Александр Хорошевтің жобаға қатысты қорытындысы төменде келтірілген:

Серьезные опасения по поводу предполагаемого строительства высказывают и международные эксперты. Вот выдержки из заключения по проекту доцента кафедры физической географии МГУ Александра Хорошева:

Александр ХОРОШЕВ, Ломоносов атындағы МҰУ география факультетінің докторы:

«Жобаны жүзеге асырған жағдайда елдімекендерді сел қаупімен, сейсмикалық қатермен, су тасқынымен байланысты жаңа геодинамикалық үдерістердің қауіпінен қорғау үшін қымбат бағалы көптеген іс-шараларды жүргізу қажет болады.

Шипажайды құрған жағдайда, Кіші Алматы алқабындағы көлік ағынының өсуі Алматы-Медеу жолын кеңейтуге әкеледі. Ал мұны суқорғау аймағындағы орманмен жабылған алаңды қысқарту арқылы және де оның сел қаупінен қорғауға, ағын суды ұстап тұруға қосып отырған оң үлесін төмендету есебінен ғана жасауға болады. Алқаптың төменгі бөлігінде автокөліктен келіп түскен ластаушы заттар көлемінің артуы таулы-алқапты ауа айналымының кешкі және түнгі уақытта қала жағына көшуіне және де қаладағы ауаның нашарлауына әкеліп соғады.

Шипажай аумағынан тысқары алаңдарға жайылатын алыс болашақтағы қайтымсыз әсерлердің көптігінен тау-шаңғы шипажайын жүзеге асырған жағдайда туындайтын экологиялық қауіптерге жол беруге болмайды».

Александр ХОРОШЕВ, доктор географических наук, МГУ им. Ломоносова:

«В случае реализации проекта потребуется большой объем дорогостоящих мероприятий по защите поселений от новых рисков геодинамических процессов, связанных с селеопасностью, сейсмоопасностью, паводками. В случае создания курорта неизбежный рост транспортного потока в долине М. Алматинки повлечет необходимость расширения дороги Алматы-Медеу, что возможно исключительно за счет снижения лесопокрытой площади водоохраной зоны и сокращения ее позитивного вклада в защиту от селевой опасности и поддержания качества стока. Дополнительное поступление загрязняющих веществ от автотранспорта в воздух в нижней части долины вызовет перенос их в сторону города в вечернее и ночное время с горно-долинной циркуляцией и ухудшение качества воздуха в городе.

Экологические риски в случае реализации проекта горного курорта неприемлемы в силу большого количества необратимых удаленных эффектов, распространяющихся за пределы территории курорта».

Анықтама:

Көк Жайлау шатқалы – алматылықтар мен қала қонақтарының ең сүйікті әрі ең қолжетімді экологиялық туризм орындарының бірі. Шатқал Алматы қаласының бас жағында орналасқан. Шығыстан батысқа қарай созылып, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын қосады. Ұзындығы – 15 шақырым, жалпы ауданы - 1 мың гектардан аса.

Көк Жайлау шатқалы Іле-Алатаудың бірегей экожүйесін және ландшафтын сақтау мақсатында 1996 жылы құрылған Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағының құрамына 2014 жылға дейін кіріп келген.

Табиғи саябақтың флорасында 811 өсімдік түрі бар, олардың 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Фауна әлемі 1700-ден аса жануар түрінен тұрады, құстардың 13 түрі және сүтқоректілердің 8 түрі Қызыл кітапқа енген. Дәл осында жер жүзіндегі барлық алмалардың «анасы» өсіп, ілбіс мекендейді.

Справка:

Урочище Кок-Жайляу – одно из самых любимых и доступных мест эко-отдыха и туризма алматинцев и гостей города. Оно находится «в изголовье» г. Алматы и простирается с востока на запад, соединяя Малое и Большое Алматинские ущелья. Протяженность – 15 км, общая площадь – больше 1 тыс. га.

До 2014 года Урочище Кок-Жайляу входило в состав Иле-Алатауского национального природного парка, который был создан в 1996 году для сохранения уникальных экосистем и ландшафтов Заилийского Алатау.

Флора природного парка насчитывает 811 видов растений, 17 из которых занесены в Красную книгу Казахстана. Фауна представлена более 1700 видами животных, в Красную книгу занесены 13 видов птиц и 8 видов млекопитающих. Здесь произрастает Яблоня Сиверса – прародительница всех яблонь на земле, обитает снежный барс.

Көк Жайлауда кім және қандай құрылыс жүргізейін деп жатыр?

Алматы билігі Көк Жайлауда тау-шаңғы шипажайы, қонақ үйлер, мейрамханалар, мұз айдыны және би алаңы сынды спорттық ойын-сауық кешенін салуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асырушылардың айтуынша, бұл «2300 метр биіктегі Панфилов көшесіне» айналады. Сондай-ақ, Медеу – Көк Жайлау гондолды жолын салу да қарастырылған. Құрылыс 2020 жылдың сәуіріне жоспарланған, ал шипажайдың 1-кезегі 2021 жылдың 1 желтоқсанында ашылады. Жоба құны – 200 млн. АҚШ доллары, ал бұл - 66 млрд. теңгеге тең мемлекеттік ақша.

Әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылардың, яғни іс-шара спикерлерінің пікірінше, Көк Жайлау тау платосы аумағында тау-шаңғы шипажайын (таулы саябақты) салу міндетті түрде апатты салдарға әкеледі екен

Кто и что собирается строить на Кок-Жайляу?

Власти Алматы планируют построить на Кок-Жайляу спортивно-развлекательный комплекс, включающий в себя: горнолыжный курорт, гостиницы, рестораны, ледовый каток и танцплощадки. Как говорят реализаторы проекта, это будет такая «улица Панфилова на высоте 2300 м». Предполагается также строительство гондольной дороги Медео-Кок-Жайляу. Начало строительства запланировано на апрель 2020, открытие 1 очереди курорта - 1 декабря 2021. Стоимость проекта составляет 230 млн. долларов США, это 85,5 миллиардов тенге государственных денег.

По мнению спикеров, ученых и экспертов мирового уровня, строительство горнолыжного курорта (горного парка) на территории горного плато Как-Жайляу неминуемо приведет к катастрофическим последствиям.

Атап айтқанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес 50 шақырымнан аса тау-шаңғы трассасын салу жоспарланған. Трассаны жүргізу үшін гектар-гектар орман кесіп тасталып, бірнеше шақырым тау беткейі көлденеңінен пішінделеді. Осының нәтижесінде шипажайдың маңайындағы өсімдік әлемі жойылып, жануарлардың, соның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген ілбістің және Сиверс алмасы өсетін аймақтың тас-талқаны шығады. Тау беткейін көлденеңінен пішіндеу топырақ эрозиясына және шөгінділердің түзілуіне әкеліп соғады.

В частности, согласно ТЭО проекта, планируется постройка более 50 км. горнолыжных трасс, для прокладки которых будет вырублены гектары леса и профилированы километры горных склонов. В результате, в окрестностях курорта будет уничтожен растительный мир, разрушен привычный ареал обитания животных, в том числе и краснокнижных, таких как Яблоня Сиверса и снежный барс. Профилирование склонов приведет к эрозии почвы и формированию осыпей.

Сарапшылардың бір ауыздан айтып отырған пікірі бойынш, Медеу – Көк Жайлау гондолды жолын салу шөгіндердің түзілуіне әкеліп, Үлкен және Кіші Алматы алабындағы тау өзендерінде сел-көшкін қаупін қатты күшейтуі мүмкін.

Прокладка гондольных трасс Медео-Кок-Жайляу, по однозначному мнению экспертов также спровоцирует формирование осыпей и серьезно усилит лавинную и селевую опасность на горных реках бассейнов Малая и Большая Алматинка.

Сондай-ақ, жоба аясында плато аумағында екі футбол алаңына тең жасанды көлді салу қарастырылған. Мамандардың бағалауынша, тау-шаңғы трассасынада қар жетіспеуі мүмкін болғандықтан, көл трассаларды қармен жабу үшін қажет екен. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес плато аумағындағы құрылыс алаңы дәл тектоникалық жарылым қалыптасқан жерде орналасқан, ал бұл жер сілкінісі болған кезде қала тұрғындарына үлкен қауіп төндіреді.

Проект также предусматривает строительство на плато искусственного озера размером в два футбольных поля. Озеро необходимо для искусственного оснежения горнолыжных трасс, на которых, по оценкам специалистов, не будет хватать собственного снега. Площадка для строительства озера на плато, согласно ТЭО проекта, расположена на месте тектонического разлома, что, в случае землетрясения, представляет большую опасность для населения города.

Сонымен бірге, Көк Жайлауда құрылыс салу Қазақстанның бедел-абыройына үлкен қатер келтіреді, өйткені бүгінгі күні жоба айналасында халықаралық және жергілікті деңгейдегі заңнама бұзушылықтар орын алған. Атап айтқанда, жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдауына және сот төрелігіне жүгінуіне жағдай жасайтын халықаралық шарт - «Орхусс конвенциясының» ережелері бірталай мәрте бұзылды.

Проект застройки Кок-Жайляу несет в себе и серьезные репутационные риски для Казахстана, так как к сегодняшнему дню он «оброс» огромным количеством нарушений международного и местного законодательства. В частности, неоднократно нарушены положения «Орхусской конвенции», международного договора, предусматривающего участие общественности в процессе принятия решений и доступе к правосудию по вопросам, касающимся окружающей среды.


Теги:кок-жайляу, общественники, застройка, точка зрения, экология, протест


Читайте также

Комментарии (0)

avatar