
2017 жылдың 5 шілде күні, сағат 18.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университеті Бас ғимаратының алдында «Ақ жол саған, жас маман!» атты Түлектер шеруі өтеді. Тәуелсіз еліміздің бас шаһары – Елордасы Астана күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты шарада 2016-2017 оқу жылында бакалавриат және магистратура білім бағдарламалары бойынша бітіруші түлектерге салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтеді. Түлектер слетіне университет бітірушілермен қатар еліміздегі ауыл шаруашылығымен айналысатын компаниялар әкімшілігі мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, шаруашылық жетекшілері, аграрлық саланың белгілі ғалымдары, өзге де білікті мамандар, ҚазҰАУ басшылығы мен оқытушы-профессорлары, БАҚ өкілдері қатысады. Салтанатты шара аясында арнайы концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Осы орайда аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. ҚазҰАУ Қоғаммен байланыс басқармасы Мекен-жайы: Алматы қ-сы, Абай д-лы-8 (Қонаев к-сі қиылысы) 87022202242 e-mail: info@kaznau.kz Веб-сайт: www.kaznau.kz |
Комментарии (0) | |
| |