
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы өз құрметін білдіре отырып, Сізді «Мемлекет және ҚР-дағы азаматтық қоғам: қазіргі заманның сын-тегеуріндері» тақырыбына арналған Баспасөз-конференциясына қатысуға шақырады. Спикерлер: Татьяна ЗИНОВИЧ, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) Атқарушы директоры [Құқық қорғаушылардың қауіпсіздік мониторингінің нәтижелері] Аман ШОРМАНБАЕВ, «Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ сарапшысы [Қазақстанда азаматтық қоғам үшін кеңістіктің тарылуы] Наталья ЯНЦЕН, «Салық мәдениетін қалыптастыру» ҚБ Директоры [ҚР Салық кодексі – ҮЕҰ қаржылық әсер ету құралы ретінде] Диана ОКРЕМОВА, «Құқықтық Медиа-орталық» ҚҚ Жетекшісі [ҚР құқық қорғау қызметінде пікірлерді еркін білдіру] Іс-шара Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінің қолдауымен «Құқық қорғаушыларды қорғауды көтермелеу мақсатымен азаматтық қоғамның күшін шоғырландыру» жобасының аясында Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен «Эхо» ҚБ бірлесіп ұйымдастырылады. Баспасөз-конференциясы 2017 жылы 30 маусымда сағат 09.00 бастап 09.45 дейін Астана қ., сол жақ жағалау, Сығанақ к-сі, 27, «SoluxeHotelAstana» Пекин Палас отелінде, «ROYAL» залында өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 08:30 басталады. Іс-шараның ресми тілдері: орыс және қазақ тілдері. Қатысушылар үшін орынның шектелуіне байланысты, іс-шараны баяндауға қатысуға мүдделілік туралы алдын ала хабарлауды өтініп сұраймыз. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 8 702-321-32-11 телефоны бойынша Ольга Диденкоға хабарласуларыңызды өтінеміз. |
Комментарии (0) | |
| |